БҰҰ сессиясында сөз сөйлейді
Ердоған халықаралық қауымдастықты Израильдің шабуылдарына қарсы тұруға шақырады.
Президент Режеп Тайып Ердоған 24 қыркүйек сейсенбі күні Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас ассамблеясында 14-ші рет сөз сөйлейді.
Президент Ердоғанның БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы отырысында сөйлейтін сөзінің негізгі тақырыбын Израильдің Газаға жасаған шабуылдары қалыптастырады.
Ердоған халықаралық қауымдастықты Израильдің шабуылдарына қарсы тұруға шақырады. Ел басшысы сонымен бірге саммит аясында мемлекет және үкімет басшыларымен де кездесулер өткізеді.
Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында жыл сайын әлем көшбасшыларының басын қосатын БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы 22 қыркүйекте «Болашақ саммитімен» басталады.
Мемлекет басшылары сөз сөйлейтін сессия 24 қыркүйекте басталады.
БҰҰ Бас ассамблеясының 79-шы отырысында президент Режеп Тайып Ердоған бірінші күні үшінші кезекте сөз сөйлейды деп жоспарланды.
Бас ассамблея сессияларына 190 елден жоғары деңгейде өкілдер қатысады.