Қазақстан мен Түркия арасында жаңа келісім

Қазақстан Мәжілісі Түркиямен өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастық келісімін мақұлдады.

2233738
Қазақстан мен Түркия арасында жаңа келісім

Қазақстан Парламентінің төменгі палатасы Мәжілістің жалпы отырысында 2022 жылдың 10 мамырында Анкарада екі елдің уәкілетті органдары арасында қол қойылған келісім қаралды.

Өсімдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және екі ел аумағында карантинге жататын зиянкестердің таралуы мен импортына жол бермеуді мақсат ететін бұл келісім бірінші отырыста мақұлданды. Келісім аясында тараптар осы саладағы нормативтік-құқықтық актілермен қатар карантинге жататын зиянкестердің тізімі мен өсімдіктерді қорғау ережелері туралы ақпарат алмасатын болады.

Қазақстан мен Түркия бұл келісіммен өсімдіктердің жағдайы, карантинге жататын зиянкестердің анықталуы және таралуы, оларға қарсы күрес және бақылау әдістері бойынша да өзара ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар келісім өсімдіктер карантині мен өсімдіктерді қорғау саласында ғылыми-зерттеу мекемелері арасында ғылыми ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек бұл келісім осы саладағы өнімдердің импорт-экспорт талаптарын реттейді.

Қазақстан Мәжілісінің депутаты және Аграрлық комитеттің хатшысы Еркебұлан Мәмбетов бұл келісімнің мемлекетке экономикалық зиян келтірмейтінін және Мәжілістің барлық комитеттері тарапынан оң қабылданғанын айтты. Ол сондай-ақ «Қазақстанның Қытай, Вьетнам және Әзербайжанмен ұқсас ынтымақтастық келісімдері бар», – деп қосты.



Ұқсас жаңалықтар