Қазақстан Мәжілісінің төрағасы Қошанов түрік әріптесіне көңіл айтты
Ерлан Қошанов Нуман Куртулмушқа телефон шалды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмушқа Карталкая тау шаңғысы базасындағы «Гранд Картал» қонақүйінде болған өртте қаза тапқандар үшін көңіл айтып, Түркияға қолдау білдірді.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағалығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Куртулмуш Қошановпен телефон арқылы сөйлесті.
Телефон әңгімесі барысында Қошанов Карталкаядағы қонақүйдегі өртте қаза тапқандар үшін Куртулмушқа көңіл айтып, Түркияның қайғысына орақтасатынын білдірді.
Куртулмуш та Қошановқа көңіл айтқаны үшін алғысын білдіріп, ешбір ұлттың мұндай апатқа ұшырамауын тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
«AZAL” Ресейдің Астрахань қаласына рейстерін тоқтатты
"Баку-Астрахан-Баку бағытындағы барлық рейстер белгісіз мерзімге тоқтатылды" деп хабарланды.