Ресей-Өзбекстан арасында әскери серіктестік бағдарламасына қол қойылды
Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
Ресей мен Өзбекстан арасында 2026-2030 жылдарға арналған әскери стратегиялық серіктестік бағдарламасына қол қойылды.
Министрлік мәлімдемесіне қарағанда Ресей Қорғаныс министрі Андрей Белоусов Ташкентте өзбекстандық әріптесі Шухрат Халмухамедовпен кездесті.
Белоусов мәлімдемесінде «Өзбекстан тарапымен жүргізілген бірлескен жұмыс Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ресей мен Өзбекстан стратегиялық серіктес және ұзақ жылдар бойы дос ел», - деді. Белоусов Өзбекстанмен ынтымақтастықтың дамып келе жатқанын және екі елдің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығында жаңа кезеңге қадам басатынын мәлімдеді.
Кездесу нәтижесінде Белоусов пен Халмухамедов Ресей мен Өзбекстан Қорғаныс министрліктері арасында 2025 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына және 2026-2030 жылдарға арналған әскери саладағы стратегиялық әріптестік бағдарламасына қол қойды.
Белоусовты кейін президент Шавкат Мирзиеев қабылдады. Кездесуде Мирзиеев Орталық Азиядағы әскери-саяси жағдайды талқылады.
Ұқсас жаңалықтар
«AZAL” Ресейдің Астрахань қаласына рейстерін тоқтатты
"Баку-Астрахан-Баку бағытындағы барлық рейстер белгісіз мерзімге тоқтатылды" деп хабарланды.