Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Түрікменстанға барды

Құрбанқұлы Бердімұхамедов еліне іс- сапармен барған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Нуман Куртулмушты қабылдады.

2197607
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Түрікменстанға барды

Түрікменстан Ұлттық Лидері және Халық Мәслихатының Төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхамедов еліне іс- сапармен барған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Нуман Куртулмушты қабылдады. 
Кездесуде Түркия мен Түрікменстан арасындағы екіжақты және парламенттер арасындағы қатынастар талқыланды. Сонымен қатар Газа мен Палестина жерлеріндегі адамдыққа жат шабуылдар мен басқын әрекеттері, Израильдің Ливанға шабуылдары мен қазіргі жаһандық мәселелер туралы сөз қозғалды.
Куртулмуш түрікмен халқының ұлттық құндылығы, даналығы және шығармаларымен бүкіл түркі әлемінің жарығы Мақтымқұлы Пырағының дүниеге келгенінің 300 жылдығына орай өтетін форум себебімен ата жұрты Түрікменстанда болғанына қуанышты екенін айтты.
Түркия мен Түрікменстанның тарихи және мәдени байланыстары бар екі бауырлас ел екенін айтқан Куртулмуш бұл байланыстардың өзара құрмет, түсіністік және ортақ мүдделер негізінде дамуды жалғастыруын қалайтынын атап көрсетті.
Куртулмуш Бердімұхамедовтың шақыруымен форумға қатысқан делегация басшыларымен Аркадаг ақылды қаласына барды.



Ұқсас жаңалықтар