Түрікменстанның ынтымақтастық қадамдары
Қасым- Жомарт Тоқаев Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдығына арналған халықаралық форумға қатысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстандағы ресми сапарының екінші күнінде түрікмен ақыны және ойшылы Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдық мерейтойына арналған "Уақыт пен цивилизацияның өзара қатынасы - заманауи дүние мен дамудың негізі» халықаралық форумына қатысты.
Тоқаев Мақтымқұлының тек классикалық түрікмен әдебиетінің негізін қалаушы ғана емес, бүкіл Шығыстың ірі ойшылы екенін атап өтті. Қазақстан Президенті Тоқаев: "Мақтымқұлы Пырағы — әлем мәдениетінде ерекше орын алатын тарихи тұлға. Осы себептен оның шығармалары ЮНЕСКО-ның "Дүниежүзілік жады" тізіміне енгізілді. ТҮРКСОЙ ұйымы бұл жылды "Түркі әлемінің ұлы ақыны және ойшылы Мақтымқұлы Пырағы жылы" деп жариялады. Бұл әрекет бүкіл түркі әлемінің Мақтымқұлыға деген ерекше құрметі мен сүйіспеншілігін білдіреді. Ұйымның бұл шешімі ақынның шығармаларын халықаралық деңгейде насихаттауға мүмкіндік береді," - деді.
Тоқаев жалғасып жатқан жаһандық тұрақсыздық кезеңінде бейбітшілік пен өзара түсіністікке шақыратын Мақтымқұлының шығармаларының өзектілігінің артқанын атап өтті.
Сәтті жүзеге асырылған реформаларымен тұрақты даму көрсетіп, әлемде қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуінде Орта Азия мен Каспий өңірінде көпжақты ынтымақтастық процестеріне Түрікменстанның маңызды үлес қосқанын еске салған Тоқаев БҰҰ-ның 2025 жылды "Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы" деп жариялауы Түрікменстанның ұсынысымен болғанына назар аударды.
Тоқаев ресми сапарының алғашқы күнінде Ашхабадта ұлы қазақ ақыны Абай ескерткішінің ашылғанын айтып, Мақтымқұлы мен Абай мұрасының бүкіл адамзаттың ортақ құндылығы екенін баса айтты.
Түрікменстанда өткізілген форумға Түркия, Ресей, Иран, Өзбекстан, Пәкістан, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Татарстан, сондай-ақ ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ, Түркі Мемлекеттері Ұйымы және бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері барды.
Іс-шараға Түркияның атынан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан Түркияда мектеп салады
Қазақстанның қаржысымен салынатын 32 сыныптық мектептің іргетасы кеше қаланды.