Ғылым және тілдің көпірі: Түркологияда жаңа кітаптар
Қазақстанда Халықаралық Түркі академиясы жариялаған ғылыми еңбектердің таныстырылымы өтті.
Қазақстанда Халықаралық Түркі академиясы жариялаған ғылыми еңбектердің таныстырылымы өтті.
Іс-шарада түрколог Бекир Чобанзаденің таңдап алынған ғылыми еңбектерінен тұратын "Тілтұтқа" кітабы қазақ тілінде таныстырылды.
Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінде өткен шараға ғылыми зерттеу институттарының басшылары мен ғалымдар қатысты.
Іс-шарада Қырым татарларының көрнекті өкілі және түрколог Бекир Чобанзаденің таңдамалы ғылыми еңбектерінен тұратын "Тілтұтқа" кітабы Түркі академиясының бастамасымен қазақ тіліне аударылып, таныстырылды.
Кітапта автордың жылдар бойы жүргізген зерттеулерінен құралған еңбектер жинақталған.
Сондай-ақ іс-шарада Түркі академиясының "Түркі тілдерінің терминология сөздіктері" жобасы аясында жарияланған экономика, тіл білімі және әскери саладағы термин сөздіктері де көпшілік назарына ұсынылды.
Көптеген елдің білікті мамандары бірлесіп істеген бұл жоба ғылыми терминологияны біріктіру және түркі елдерінің ғылыми қауымдастықтарының жақындасуы бағытында маңызды бір қадам болды.
Сонымен қатар іс-шарада Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың монографиясы да таныстырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан Түркияда мектеп салады
Қазақстанның қаржысымен салынатын 32 сыныптық мектептің іргетасы кеше қаланды.