Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше елдер «Turktransplant» жүйесін қалыптастырады
ТМҰ Денсаулық сақтау министрлерінің 4-ші отырысы Әзербайжанның Шуша қаласында өтті.
Әзербайжан Денсаулық сақтау министрі Теймур Мусаев ұйымдастырған жиынға ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев, Түркия Денсаулық сақтау министрі Кемал Мемишоглу, Қырғызстан Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев, Өзбекстан Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Даврон Сұлтанов және Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ербол Оспанов қатысты.
Мусаев жиында сөйлеген сөзінде ұйымға мүше және бақылаушы елдер арасында біртұтас медициналық ғылыми сала құруды, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді және ортақ медициналық білім беру стандарттарын анықтауды бірлескен қызметтің негізгі бағыты ретінде қарастыратынын айтты.
Кездесуден кейін министрлер ұйым аясында орган мен тіндерді трансплантациялау бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін «Turktransplant» жүйесін құруға қатысты ниет хаттамасына қол қойды.
Сонымен қатар, ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдердің денсаулық сақтау министрліктерінің ғылыми-зерттеу институттары арасында онкология, кардиология, офтальмология, педиатрия, травматология және ортопедия салаларындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан Түркияда мектеп салады
Қазақстанның қаржысымен салынатын 32 сыныптық мектептің іргетасы кеше қаланды.