Түрік Мемлекеттері Ынтымақтастығы күнімен құттықтады

Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Нух Йылмаз бен Түрік Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Өмірәлиев баспасөз өкілдеріне сұқбат берді.

2194867
Түрік Мемлекеттері Ынтымақтастығы күнімен құттықтады

Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Нух Йылмаз және Түрік Мемлекеттері Ұйымының (TМҰ) Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Өмірәлиев ТМҰ-ның түрік әлемі үшін маңыздылығына тоқталды.
TМҰ-ның құрылуына негіз болған Нахчыван келісімінің 15 жылдығы мен Түрік Мемлекеттері Ынтымақтастығы күніне орай Йылмаз бен Өмірәлиев Анкарада баспасөз өкілдеріне сұқбат берді.
Вице-министр Йылмаз Қытай теңізінен Атлант мұхитына дейінгі кең   территорияда орналасқан Түркия мен түрік әлемінің ықпалы арта түсетінін білдірді.
TМҰ-ның болашақта одан әрі күшейетінін атап өткен Йылмаз «Әліпби реформасы арқылы ортақ тіл қолдануымыз түрік әлеміне үлкен әсер етеді" деді.
Йылмаз сауда және ынтымақтастық аясында болашақта көлік, жол, теміржол және кеден одағы сияқты жобалармен көптеген салада ілгерілеп, интеграцияланған дүниенің құрылатынын айтты.
TМҰ Бас хатшысы, Елші Өмірәлиев Түрік Мемлекеттерінің Ынтымақтастық күнімен және TМҰ-ның негізін қалаған Нахчыван келісімінің 15 жылдығымен құттықтап, ризашылығын білдірді.
Өмірәлиев «TМҰ құрылған күннен бастап сыртқы саясат, қауіпсіздік, экономика, білім, тасымалдау, энергетика және тағы да басқа ынтымақтастықтың 35-тен астам саласында күш-жігерді үйлестіруге мүмкіндік берді» деді. Сондай-ақ Өмірәлиев «TМҰ-ның басқа халықаралық ұйымдардан ерекшелігі мүше елдердің тіл және мәдениет саласындағы жақындығы» деп атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар