«Өшпейтін мұра: Жібек жолы» көрмесі Ташкентте ашылды

Жібек жолын көпжақты зерттеген ғалымдар мен өнер қайраткерлері Ташкент және Коньяда өз жұмыстарын ұсынды.

2194356
«Өшпейтін мұра: Жібек жолы» көрмесі Ташкентте ашылды

Өзбекстан астанасы Ташкенттегі көркемсурет галереясында «Өшпейтін мұра: Жібек жолы» көрмесі мен панелі басталды.

Бұл іс-шараның беташарына Түркияның Өзбекстандағы елшісі Олган Бекар, елдегі шетелдік миссия басшылары және көптеген қонақ қатысты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Елші Бекар Түркістан өлкесінің түріктердің отаны, түрік өркениеті мен мәдениетінің қайнар көзі екенін, түрік аңыздары мен Қорқыт Ата хикаялары пайда болған, «Құтадғу Біліг» пен «Дивану Лұғати'т-түрік» жазылған жер екенін айтты.

«Өшпейтін мұра: Жібек жолы» жобасының координаторы Мерьем Гүней Стамбулда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш және Мәдениет министрінің орынбасары Сердар Чамның қатысуымен көрме мен симпозиумнан тұратын халықаралық жобаны ашқандарын мәлімдеп, жобаның екінші кезеңін Конья қаласында жасағандарын атап өтті.

Гүней көрмелер мен паннолардан тұратын жобада Қытай, Қазақстан, Ауғанстан, Пәкістан, Өзбекстан, Әзербайжан, Татарстан, Қырғызстан, Иран және Сириядан келген 41 қолөнер шеберінің арнайы дайындаған каллиграфия, миниатюра, мәрмәр, ағаш оюы, керамика және інжу-маржанды өрнек салу, металл ою жұмыстарының бар екенін айтты. Бұл жұмыстармен бірге 41 ғалымның Жібек Жолының тарихы, бағыты, маңызды орталықтары, діндері мен ойлары, ғылым мен өнері, тіл мен әдебиеті, сауда мен сәулетіне байланысты баяндамадан тұратын симпозиум кітабы дайындалғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар