Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Астанаға көшеді

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды.

2194359
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Астанаға көшеді

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивін Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алматыдағы архивпен қатар зерттеушілерге қызмет көрсететін Президенттік Архив орталығының Астанаға көшірілетіні белгілі болды.

Жарлыққа сәйкес Президент архивін Астанаға көшіруді 2025 жылдың 1 наурызына дейін аяқтау көзделген.

Қазақстанның саяси тарихына қатысты маңызды дереккөздер мен құжаттар бар мекеме 1994 жылы 19 қаңтардан бастап зерттеушілерге архивтеу және академиялық қызмет көрсетіп келеді.

Қазіргі Қазақстан тарихының ең көне дереккөзі 1918 жылға тиесілі болған архивте шамамен 800 мыңнан астам материал бар.

Президент архиві Астананың 25 жылдығына орай 2022 жылы жарық көрген еңбекте алғаш рет мұрағаттың үлкен бөлігін басып шығарып, барлығы 142 мұрағаттық құжатты оқырмандар назарына ұсынды.

 



Ұқсас жаңалықтар