Әзербайжанда Ұлттық Мәжіліс сайлау нәтижесі бекітілді
Орталық сайлау кеңесінде жиналыс өтті.
Әзербайжан Орталық сайлау кеңесі 1 қыркүйекте өткен Ұлттық Мәжіліс сайлауының ресми нәтижесінің хаттамасын бекітті. Әзербайжан Орталық сайлау кеңесінде (ОСК) Ұлттық Мәжіліс сайлауына байланысты жиналыс өтті. ОСК төрағасы Мезахир Пенаховтың төрағалығымен өткен отырыста алқа мүшелері Ұлттық Мәжіліс сайлауының ресми қорытындылары жазылған хаттаманы бекітті. 2 миллион 395 мың 510 сайлаушының дауыс бергені көрсетілген хаттамада сайлауда дауыс бергендер 37,24 пайызды құраған.
Нәтижелер мен жеңіске жеткен кандидаттардың аты-жөні жазылған хаттамаға сәйкес Президент Илхам Әлиев басқаратын Жаңа Әзербайжан партиясы Ұлттық Мәжілісте 68 орынға ие болды.
44 тәуелсіз кандидатты депутаттыққа рәсімдеген хаттама бойынша «Хемрейли» партиясы 3, Әділет, Заң, Демократия партиясы 2, Ұлы Әзербайжан партиясы, Демократиялық реформалар партиясы, Ұлы құрылтай партиясы, Республикалық альтернативті партия, Отан партиясы, Әзербайжан ұлттық тәуелсіздік партиясы, Ұлттық майдан партиясы мен Әзербайжан Демократиялық білім партиясы мәжілісте бір-бір орынға ие болған.
Хаттама бекітілу үшін Әзербайжан Конституциялық сотына жіберіледі. Әзербайжан Конституциялық соты хаттаманы 10 күн ішінде талқылап, бекітеді деп күтілуде.
Әзербайжандықтар Ұлттық мәжіліс мүшелерін сайлау үшін 1 қыркүйекте 7-ші рет сайлауға қатысты. 125 орындық мәжіліс үшін 990 үміткер бақ сынаған болатын.