Миграциялық келісімге қол қойылды

Бұл туралы Германия Ішкі істер министрлігі жазбаша мәлімдеме жасады.

2187593
Миграциялық келісімге қол қойылды

    Германия мен Өзбекстан арасында миграциялық келісімге қол қойылды. Бұл туралы Германия Ішкі істер министрлігі жазбаша мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Премьер-министр Олаф Шольцтың Өзбекстанға сапары барысында екі ел арасында қол қойылған көші-қон келісімі жұмыс күші мен білікті жұмысшылардың көші-қонының күшеюін көздейтіні айтылған. Германияда тұруға құқығы жоқ адамдарды елге қайтару бойынша тығыз ынтымақтастық бар екені хабарланған.

    Көші-қон келісіміне қатысты Ішкі істер министрі Нэнси Фазер: «Германияда тұруға құқығы жоқ адамдарды репатриациялауды тиімді жүзеге асыру заңсыз көші-қонды шектеу тұрғысынан маңызды. Бұл үшін тиімді ережелер орнатуға келістік. Бір жағынан Өзбекстаннан келген білікті жұмысшылар үшін біздің еңбек нарығымызда білім алу мүмкіндіктерін ұсынамыз. Өйткені бізге тез арада бірнеше салада шетелден білімді жұмыс күші мен білікті жұмысшылар қажет» деді ол.

    Премьер-министр Олаф Шольц Өзбекстандағы мәлімдемесінде «Бұл келісім қазір әлемнің көптеген елімен кезең-кезеңімен жасағымыз келетін келісімдердің үлгісін береді. Экономикамыздың өсуі үшін қажет жұмыс күшінің көшуін жеңілдетеміз. Сонымен қатар еліне қайту үшін қажетті  бюрократиялық емес процедуралар туралы да келісеміз»  деп өз бағасын берді.

    Германия бұған дейін Кения, Грузия, Үндістан, Колумбия және Мароккомен осындай келісімге қол қойған болатын.



Ұқсас жаңалықтар