Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2197537
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті Ердоғанның «Нетаньяху жаһандық тәртіпке қауіп төндіреді, Израильге қажетті қысым жасалуы керек” сөздеріне орын берген.

Президент Ердоған Албания Премьер-министрі Рамамен өткізген баспасөз конференциясында "Нетаньяху үкіметі енді жаһандық тәртіпке қауіп төндіруде. Газада бір жылдан бері жалғасып жатқан геноцид— барлық адамзаттың ортақ ұяты",- деді.

 

Хабер Түрік газеті "Ердоғаннан әлемге шақыру" атты хабар жариялаған.

Президент Ердоған Албанияның Тирана қаласында Намазгах мешітінің ашылуында халықаралық қоғамға үн қатып, "Израильге қарсы тұру — ар-ождандық жауапкершілік",- деді.

 

Стар газеті "Тарихи операцияның бірінші кезеңі аяқталды" хабарына орын берген.

Геноцидшіл Израильдің жалғасып жатқан шабуылдары себебінен Ливанда қамалып қалған 878-і түрік 966 кісі Әскери-теңіз күштерінің «TCG Bayraktar» және «TCG Sancaktar» амфибиялық кемелерімен Мерсин қаласының портына жетті.

 

Йенишафак газеті "Еуропада Togg үшін мүмкіндік уақыты" атты тақырып қолданған.

Еуропа Одағының электрлі Қытай автокөліктеріне қатысты кедендік салық қадамы «Togg-тың» жолын ашты. Сала өкілдері 2025 жылдың басында Еуропа нарығына шығуды мақсат еткен «Togg» бәсекелестікті одан әрі қыздыратынын мәлімдеді. Сонымен қатар «SUV моделіне» қарағанда арзан болуы күтілетін «T10F» седан моделі де жарысқа қосылып, «Togg-ты» тиімді ететіні айтылған.

 

Сабах газеті ауыл шаруашылығы секторынан экспорт рекордына назар аударды.

Газетте түрік ауыл шаруашылығы секторы 26,1 миллиард доллармен тарихындағы ең жоғары қаңтар-қыркүйек экспортын көрсеткені айтылған.



Ұқсас жаңалықтар