Түркия хоккейде чемпион атанды

Түркия әйелдер құрамасы 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионатында хоккейден алтын медаль жеңіп алды.

2234179
Түркия хоккейде чемпион атанды
Hockey su ghiaccio Türkiye U18.jpg
Hockey su ghiaccio Türkiye U18.jpg

Түркия әйелдер құрамасы 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионатында хоккейден алтын медаль жеңіп алды.
Әйелдер құрамасы 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Бүкіләлемдік хоккей чемпионатының Стамбулда өткен 2-дивизионы “В” тобы аясындағы төртінші ойынында Исландиямен кездесті.
Ұлттық құрама Исландияны 2:0 есебімен жеңді. Осы нәтижемен барлық төрт матчта жеңіске жеткен Түркия құрамасы “В” тобында үздік нәтиже көрсетті және чемпионат жеңімпазы атанып, алтын медальға ие болды.
Бұл жеңістің арқасында Ұлттық құрама 2-дивизионның А тобында өнер көрсету құқығына ие болды.



Ұқсас жаңалықтар