«Алтын аю» үшін 19 фильм жарысады
Фестиваль барысында түрлі номинациялар бойынша 74 елден барлығы 240 фильм көрсетіледі.
Германияның астанасы Берлинде 13-23 ақпан аралығында өтетін 75-ші Халықаралық кинофестивальде (Берлинале) 19 фильмнің бас жүлде «Алтын аю» үшін таласатыны белгілі болды.
75-ші Берлинале бағдарламасы «Haus der Kulturen der Welt» залында өткен баспасөз мәслихатында таныстырылды. Таныстырылымға Берлинале директоры Трисия Таттлд қатысты.
13 ақпанда неміс режиссері Том Тайквердің «Жарық» (Das Licht) фильмімен ашылатын фестивальде 17-сі әлемдік премьера болып табылатын он тоғыз фильм бас жүлде «Алтын аю» үшін таласады.
Фестиваль барысында түрлі номинациялар бойынша 74 елден барлығы 240 фильм көрсетіледі.
«Алтын аю» және «Күміс аю» жүлделерін алатын фильмдерді анықтайтын қазылар алқасын американдық режиссер, сценарист және продюсер Тодд Хейнс басқарады, ал басқа қазылар алқасының мүшелері кейін белгілі болады.
Жүлделер 22 ақпанда жеңімпаздарына табысталады.