Марста көл табылды
Соңғы деректер Марста бір кездері суға толы көлдердің болғанын көрсетіп, ғаламшардың бастапқы кезеңіндегі жағдайы туралы маңызды ақпарат береді.
2233283
Америка Құрама Штаттарының Ұлттық аэронавтика және ғарыш агенттігінің (NASA) “Curiosity” зерттеу аппараты Марста шамамен 3,7 миллиард жыл бұрын пайда болғаны болжалған көне толқын іздерін анықтады.
Бұл жаңалықтар қызыл ғаламшарда өткенде жылы әрі тығыз атмосфера мен судың болғанын көрсетеді.
2012 жылдан бері Марсты зерттеп келе жатқан “Curiosity” аппараты “Gale” кратері маңында топырақ үлгілерін жинап, ғаламшардың климаты мен геологиясы туралы мәлімет алуға тырысуда.
Соңғы деректер Марста бір кездері суға толы көлдердің болғанын көрсетіп, ғаламшардың бастапқы кезеңіндегі жағдайы туралы маңызды ақпарат береді.
Ғаламшар бетінде бір кездері су айдындарының кең таралғанын нақты анықтау үшін қосымша зерттеулер қажет.