2024 жылы әлем бойынша 1,4 миллиард адам саяхаттаған
Бұл туралы Дүниежүзілік туризм ұйымы мәлімдеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) қарасты Дүниежүзілік туризм ұйымы 2024 жылы әлем бойынша 1,4 миллиард адам саяхаттағанын және бұл көрсеткішпен халықаралық туризм секторы өз тарихындағы ең ауыр дағдарыс Ковид-19 пандемия кезеңін (2020-2021) артта қалдырғанын мәлімдеді.
Штаб-пәтері Мадридте орналасқан Дүниежүзілік туризм ұйымының мәлімдемесіне сәйкес 2024 жылы 1,4 миллиард адам халықаралық саяхатқа шыққан. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға (шамамен 140 миллион) артып, пандемия алдындағы көрсеткіштерге оралды.
Ковид-19 індетіне дейінгі 2019 және 2024 жылдардағы көрсеткіштерге қарағанда саяхаттаушылардың ең жоғары өсімі Таяу Шығыста, Еуропада және Африкада тіркелген.
Өткен жылы Таяу Шығысқа 95 миллион адам (2019 жылмен салыстырғанда 32 пайыз артқан), Африкаға 74 миллион адам (7 пайыз артқан) және Еуропаға 747 миллион адам (1 пайыз артқан) саяхаттаған.
Дүниежүзілік туризм ұйымның Бас хатшысы Зураб Пололикашвили «Жаһандық туризм 2024 жылы пандемиядан кейін қайта қалпына келді. Өткен жылғы мәліметтерге сәйкес турист саны мен кірістерді 2019 жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары»,- деді.
Пололикашвили әлемдік туризмдегі мықты сұранысқа байланысты өсім 2025 жылға дейін жалғасады деп күтетінін атап өтті.