Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері - Хан Ган
Оңтүстік кореялық жазушы поэтикалық прозасымен көзге түсті.
Оңтүстік кореялық жазушы Хан Ган 2024 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығын «поэтикалық прозасы үшін» жеңіп алды.
Швеция Корольдік ғылым академиясында өткен баспасөз мәслихатында 2024 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері белгілі болды.
Мәлімдемеге сәйкес оңтүстік кореялық жазушы Хан Ган бұл сыйлыққа тарихи күйзелістерге қарсы тұрған және адам өмірінің нәзіктігін ашатын қарқынды поэтикалық прозасы үшін лайық деп танылды.
Әдебиет бойынша 2024 жылғы Нобель сыйлығының иегері Ханның басқа да шығармалары арасында әлемге әйгілі «Вегетариан», «Ақ кітап», «Адам әрекеттері» және «Грек сабақтары» сияқты романдары бар.
Ұқсас жаңалықтар
«Туристік Шығыс экспресс» сапарын бастайды
Саяхаттар көптеген қалаларда тоқтап, жолаушыларға аралап көруге мүмкіндік береді.