Түрік кофесі Катарда таныстырылды
2-ші Доха халықаралық кофе жәрмеңкесінде Юнус Эмре институты келушілерге түрік кофесін танытты.
Катарда биыл екінші рет ұйымдастырылған Доха халықаралық кофе жәрмеңкесінде түрік кофесі таныстырылды. Дохадағы Конгресс және көрме орталығында ұйымдастырылған жәрмеңке кофе әуесқойларының басын қосты.
Жәрмеңкеде Доха Юнус Эмре институты келушілерге түрік кофесін ұсынды. Қонақтарға түрік кофесімен бірге түрік локумы ұсынылып, түрік кофесінің тарихы мен түрік мәдениетіндегі орны және жасалуы туралы ақпарат берілді.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келетін қонақтар 28 қыркүйекке дейін жалғасатын жәрмеңкеде кофе мәдениетімен жақынырақ таныса алады.
Жәрмеңке Түркия мен Катар арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтып, түрік кофесінің халықаралық деңгейде танылуына ықпал етеді деп күтілуде.
Түрік кофесі 2013 жылы 5 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ЮНЕСКО) материалдық емес мәдени мұралар тізіміне «тірі» мұра ретінде енгізіліп, 5 желтоқсан Дүниежүзілік түрік кофесі күні ретінде тойлана бастады.
Ұқсас жаңалықтар
«Туристік Шығыс экспресс» сапарын бастайды
Саяхаттар көптеген қалаларда тоқтап, жолаушыларға аралап көруге мүмкіндік береді.