Трамп «Бұл соғысты аяқтау керек» деді
Трамп Зеленскийдің соғысты тоқтату туралы келісімге келуге дайын екенін айтты.
Америка Құрама Штататары (АҚШ) президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленский соғысты тоқтату туралы келісімге келуге дайын екенін айтты. АҚШ президенті Трамп Ақ Үйдегі қол қою рәсімінен кейін күн тәртібіне қатысты сұрақтарға жауап берді.
Ресей-Украина соғысының «бос соғыс» екенін және оның тезірек аяқталуы керектігіне тоқталған Трамп «Путиннің менімен тезірек кездескісі келетінін естідім. Кездесемін. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері мұндай соғыс болған емес. Бұл соғысты аяқтау керек», - деді.
«Украина президенті Зеленский келіссөздерге дайын ба?» деген сұраққа Трамп «Зеленский бұл соғысты тоқтататын келіссөздер жүргізуге дайын. Украина да, Ресей де тым көп әскерін жоғалтты», - деді.
Трамп Қытайдың Ресейге ықпалы бар екенін және Қытай төрағасы Си Цзиньпин осы соғысты аяқтау үшін осы ықпалды пайдалануы керектігін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский «Ресеймен келіссөздерді бастауға дайынбыз» деді
Зеленский АҚШ пен Еуропа елдерін келіссөздерге қатысуға шақырды.