Сирияның жаңа Үкімет басшысы Шара PKK/YPG-нің Сирияда болуына наразылық білдірді

Ахмед Шара сириялықтарды еліне оралуға шақырып, халықаралық қауымдастықтан Сирияға салынған санкцияларды жоюды талап етті.

2234180
Сирияның жаңа Үкімет басшысы Шара PKK/YPG-нің Сирияда болуына наразылық білдірді

 

Сириядағы жаңа Үкіметтің басшысы Ахмед Шара Түркияға қауіп төндіретін лаңкестік топтарға Сирияда рұқсат бермейтіндерін айтты. Шара мәлімдемесінде шетелдік террористтердің Сириядан кетуі керек екеніне тоқталып, Сирияға қолдау көрсеткен президент Режеп Тайып Ердоған мен Түркияға алғыс айтты.

Ахмед Шара террор ұйымы PKK/YPG-нің Сирияда болуына наразылық білдірді. Түркиямен бірге екенін айтты. Террор ұйымына қарсы ұстанымдарын қатал түрде мәлімдеді.

Шара шетелдік қарулы топтарды қаламайтындарын және Сирия аумағында Түркияға қауіп төндіретін құрылымдарға рұқсат бермейтіндерін атап өтті.

«Біз алғашқы күннен бастап барлық топтар қаруларын тастап, Қорғаныс министрлігіне бағынады деп айтқанбыз. Барлығы қабылдады. Бірақ өкінішке қарай  PKK/YPG қабылдамады» деді Шара.

Шара террор ұйымы ішінде сириялық емес құрылымдардың елден кетуі керек екенін, PKK/YPG-нің ДАИШ-ті шантаж материалы ретінде пайдаланып жатқанын және бұл жағдайдың халықаралық деңгейде шешілуі керектігін айтты.

Ахмед Шара сириялықтарды еліне оралуға шақырып, халықаралық қауымдастықтан Сирияға салынған санкцияларды жоюды талап етті.



Ұқсас жаңалықтар