Бір күнде 500 мигрант қамауға алынды

Америка Құрама Штаттарында бір күнде 500-ден астам заңсыз мигрант қамауға алынды.

2234185
Бір күнде 500 мигрант қамауға алынды

Америка Құрама Штаттарында бір күнде 500-ден астам заңсыз мигрант қамауға алынды.

Ақ Үйдің “X” платформасында жасаған мәлімдемесінде АҚШ-тың Кеден және шекара қызметінің (ICE) елдің әртүрлі аймағында 538 құжатсыз мигранттыңқамауға алғаны хабарланды.

Мәлімдемеде 373 адамға қатысты қадағалау бұйрығы шығарылғаны айтылып, «Бұл елдің шекараларын қауіпсіз ету үшін АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігі жасайтын қадамдардың тек шағын көрінісі ғана», –делінген.

Қамауға алынған кейбір кісілердің есімдері мен жасаған қылмыстары "мысал ретінде" “X”  платформасында жарияланған.

Ньюарк қаласында өткен операцияға қатысты қала мэрі Рас Барака мәлімдеме жасап, «Ньюарк адамдардың заңсыз түрде қорқытылуына немқұрайлы қарамайды», – деген пікір білдірді.

Операцияны "қорқынышты" деп сипаттаған Барака қамауға алынғандардың бірі АҚШ-тың ардагері екенін ерекше атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар