Путин әлемде жаңа тәртіп пайда болғанын айтты
Владимир Путин Ашхабадта форумға қатысты.
Ресей президенті Владимир Путин әлемде әртүрлілікті көрсететін жаңа тәртіп пайда болғанын және бұл жаңа процесс екенін мәлімдеді.
Владимир Путин Түрікменстанның астанасы Ашхабадта түрікмен ақыны және ойшылы Мақтымқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Уақыт пен цивилизацияның өзара қатынасы - заманауи дүние мен дамудың негізі » халықаралық форумына қатысты.
Путин осындағы сөзінде әлемде әртүрлілікті көрсететін жаңа тәртіптің пайда болғанын және мұның жаңа процесс екенін айтты.
Ресей басшысы дүние жүзіндегі этникалық және діни қақтығыстардан туындаған қауіп-қатер жағдайында Шығыс пен Оңтүстікте жаңа экономикалық, қаржылық және саяси орталықтар пайда болғанын атап көрсетті.
Активтердің әділ бөлінуін, халықаралық өмірдің демократиялануын және көп полярлы әлемдік тәртіпте өзара әрекеттесуді жақтайтындарын айтқан Ресей басшысы бұл тұрғыда 22-24 қазан күндері Татарстан Республикасының астанасы Қазанда Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африкадан тұратын БРИКС саммиті өтетініне назар аударды.