«Халықаралық қауымдастық Израильді заңға бағындыруға міндетті»
Түркия Израильдің Ливанда орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының уақытша жұмыс тобына жасаған шабуылын айыптады.
Түркия Израильдің Ливанда орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының уақытша жұмыс тобына (UNIFIL) жасаған шабуылын айыптады. Түркия Сыртқы істер министрлігі тақырыпқа байланысты жазбаша мәлімдеме жасады. «Біз Израильдің Ливанда орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Уақытша жұмыс тобына шабуылын айыптаймыз. Израильдің Газа, Батыс Шерия және Ливандағы бейбіт тұрғындарға қарсы қырғынынан кейін БҰҰ күштерін нысанаға алуы оның әрбір қадамының жазасыз қалғанын көрсетеді. Халықаралық қауымдастық Израильді заңға бағындыруға міндетті» деді.
Түркияның «UNIFIL» теңіз жұмыс күшіне бір корвет/фрегат және «UNIFIL» штаб-пәтеріне бес қызметкермен көмек көрсеткенін еске салған мәлімдемеде «Өңірімізде бейбітшілік орнату үшін халықаралық құқық аясындағы барлық бастамаларға қолдау көрсетуді жалғастырамыз» делінген.
Кеше Израиль Ливандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливан уақытша бейбітшілік күштерінің құрамында қызмет ететін әскерлерге оқ жаудырған болатын.