«Израильдің Түркияға қарсы жоспары жоқ»
Ицхак Герцог түрік халқына үлкен құрметпен қарайтынын және елінің "Түркияға қарсы ешқашан жоспары болмағанын" мәлімдеді.
Израиль Президенті Ицхак Герцог түрік халқына үлкен құрметпен қарайтынын және елінің "Түркияға қарсы ешқашан жоспары болмағанын" мәлімдеді.
«Times of Israel» газеті Ицхак Герцогтың Америка Құрама Штаттарындағы еврей қауымдастықтарының өкілдерімен өткізген кездесуде сөз сөйлегенін хабарлады.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның Израильге қатысты мәлімдемесін көргенін айтқан Герцог елінің Түркияға қарсы ешқашан жоспары болмағанын алға тартты.
Герцог түрік және Израиль халқының да бірбіріне құрметпен қарайтынын айтты.
Екі елдің халықтары арасындағы қатынастардың көп жыл бойы жалғасып келе жатқанын білдірген Герцог: "Халықтардың бірлігі және бауырластығы бірге өмір сүруге бөгет жасайтын дауыстардан жоғары болады" деген пікірін білдірді.
Герцог Израильдің шабуылдары аймақтағы халықтардың бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ететін тарихи өзгеріс әкелетінін мәлімдеді.
Президент Ердоған 1 қазанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің заң шығару жылын ашу кезінде: "Уәде етілген жерлермен әрекет ететін Израиль үкіметінің Палестина мен Ливаннан кейін көз тігетін жер біздің отанымыз болады" деген еді.