Грузия азаматтары енді Ресейге визасыз барады
Грузия азаматтары Ресейге визасыз саяхат жасай алатын болады.
Ресей Грузия азаматтарына жұмыс істеу және білім алу үшін виза шектеуін алып тастады.
Ресей Президенті Владимир Путиннің Ресей Мемлекеттік Заң Ақпарат Жүйесінде жарияланған жарлығына сәйкес Ресейге жұмыс істеу және білім алу мақсатымен барып, елде 90 күннен аса қалатын Грузия азаматтары үшін виза шектеулері алынып тасталды.
Жаңа жарлыққа жұмыс істеу және білім алу үшін барушылар да қосылып, енді барлық Грузия азаматтары Ресейге визасыз саяхат жасай алатын болады.
Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеуде журналистерге жасаған мәлімдемесінде Путиннің шешімі арқылы Ресей мен Грузия арасындағы қатынастарды нығайту үмітін білдіріп, "Ресейде грузин диаспорасы өте кең. Ресейлік туристер Грузияға барады. Бұл қалыпты процесс," - деді.
Ресей мен Грузия 2000 жылы өзара виза режимін енгізген болатын. Грузия 2012 жылы Ресей азаматтарына виза енгізуді тоқтату туралы шешім қабылдады.
Путин 2023 жылы қол қойған жарлықпен жұмыс және білім алу мақсатымен саяхат жасайтындардан басқа Грузия азаматтарына виза жеңілдігін енгізген.