Кипр тараптары 15 қазанда кездеседі

БҰҰ-ның баспасөз хатшысы Кипр тараптарының кездесуі туралы хабар берді.

2194816
Кипр тараптары 15 қазанда кездеседі

 

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Кипр аралындағы тараптардың 15 қазанда кездесетінін хабарлады.
БҰҰ-ның баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик күнделікті баспасөз конференциясында осы тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасады. Дюжаррик тараптар қатысатын «бейресми кешкі астың» 15 қазанда өтетінін атап өтті. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) Президенті Ерсин Татар мен Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігінің  лидері Никос Христодулидисті қазан айында бейресми консультацияларға шақырғаны туралы хабарлаған болатын. Екі тараптың да шақыруды қабылдағаны, келіссөздердің Нью-Йоркта өтетіні айтылған.



Ұқсас жаңалықтар