Израиль мен Ливан арасында қақтығыстар жалғасуда
Қақтығыстарда 17 Израиль әскері қаза тапты.
Хизбулла Ливанның оңтүстігіндегі қақтығыстарда 17 Израиль әскерінің қаза тапқанын хабарлады.
Хизбулла жасаған жазбаша мәлімдемеде операцияны басқару бөлмесіндегі сенімді сыртқы дереккөздеріне сүйеніп, қақтығыста 17 Израиль әскерінің қаза тапқанын хабарлады.
Израиль армиясы Ливанға әскери шабуылдар басталған 30 қыркүйектен бері қақтығыстарда 9 сарбаздың қаза тапқанын мәлімдеген еді.
Израиль армиясы 30 қыркүйекте Ливанның оңтүстігіндегі Хизбулланың инфрақұрылымына құрлықтан шектеулі және қарқынды шабуыл бастағанын хабарлаған болатын.
8 қазаннан бері Хизбулламен қақтығыстарын жалғастырған Израиль армиясы 17-18 қыркүйекте Хизбулла пайдаланған пейджерлер мен радиоларды жарып жіберді. 23 қыркүйекте Ливанның оңтүстік қалаларынан бөлек Бекаа мен Баалбек аймақтарына жүздеген әуе шабуылын жасады.
Ливан шенеуніктерінің мәліметінше 17 қыркүйекте Хизбулла пайдаланған байланыс құрылғылары жарылғаннан бері 1374 адам, оның ішінде 104 бала мен 194 әйел қаза тапты.
Хизбулла жетекшісі Хасан Насралла 27 қыркүйекте Бейрутта Израиль армиясының әуе соққысынан қаза тапқан болатын.