Иран Сыртқы істер министрі Ливанға барды

Сапар барысында Иранның  10 тонналық гуманитарлық көмегі жеткізіледі.

2194760
Иран Сыртқы істер министрі Ливанға барды

 

 

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Эракчи келіссөздер жүргізу үшін Ливанның астанасы Бейрутке барды. Аббас Эракчи Ливан Премьер-министрі Неджиб Микатимен және басқа да ресми тұлғалармен кездеседі деп жоспарланды.

Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бекаи «Х» әлеуметтік желісіндегі парақшасында Сыртқы істер министрі Аббас Эракчи төрағалығындағы делегацияның Ливанның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесу үшін Бейрутке барғанын жариялады. 

Бекаи Эракчидің Бейрут сапарында Иранның 10 тонна азық-түлік пен дәрі-дәрмектен тұратын гуманитарлық көмегін Ливанға жеткізетінін мәлімдеді.


Этикеттер: #Бейрут , #Ливан , #Иран

Ұқсас жаңалықтар