Йеменге екі әуе соққысы жасалды

Йеменнің батысындағы Ходейда қаласына екі әуе соққысы жасалды.

2194774
Йеменге екі әуе соққысы жасалды

 

АҚШ және Ұлыбритания коалициясының әуе күштері Йеменнің батысындағы Ходейда қаласына екі әуе соққысын жасады.
Хоуситтерге қарасты «Әл-Масира» телеарнасының хабарлауынша, АҚШ- Ұлыбритания коалициясының ұшақтары Ходейданың батысындағы Әл-Джаббане аймағына екі әуе соққысын жасаған.
Хабарламада бомбалаудан келген шығын туралы мәлімет берілмеген.
АҚШ пен Ұлыбритания тарапынан шабуылдарға қатысты әлі ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Хоуситтер бақылауындағы Ходейда халықаралық әуежай мен үш портты қамтитындықтан, Йеменнің ең маңызды қалаларының бірі болып саналады. Әл-Джаббане аймағында хуситтерге тиесілі әуе қорғаныс лагерлерінің бірі орналасқан.



Ұқсас жаңалықтар