Иран Израильге зымыранмен шабуыл жасады
Израиль армиясынан жасалған жазбаша мәлімдемеде елге Ираннан зымыран атылғаны атап өтілді.
2193629
Зымыран шабуылына байланысты бүкіл елде, әсіресе ел астанасы Тель-Авивте сиреналар іске қосылды.
Армия израильдіктерді «ескертулерге құлақ асып, қауіпсіз жерлерге орналасуға» шақырды.
Израильдік БАҚ елге жүзден астам зымыран атылғанын хабарлады.
Иран Ислам Төңкеріс сақшылары: «Біз Израильге ондаған зымыран жібердік, егер олар жауап қайтарса, біз оларды тағы бір рет нысанаға аламыз» деп мәлімдеді.
Сондай-ақ мәлімдемеде бүгін түнгі шабуылдың Хамас жетекшісі Исмаил Хание, Хизболла жетекшісі Хасан Насралла және ирандық генерал Аббас Нилфурашан өлтірілген Израиль шабуылдарына жауап ретінде ұйымдастырылғаны айтылды.