Пентагон: "АҚШ-тың пейджерлерді жаруға еш қатысы жоқ"
Пентагон баспасөз хатшысы генерал-майор Пэт Райдер мәлімдеме жасады.
Америка Құрама Штаттары (АҚШ) өздерінің кеше Ливандағы «Хизбулла» мүшелері пайдаланған пейджерлерді бір уақытта жарып жіберуге еш қатысы жоқтығы туралы мәлімдеме жасады.
Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) баспасөз хатшысы генерал-майор Пэт Райдер Хизбулла мүшелері пайдаланған пейджерлердің жарылуы салдарынан 9 адамның қаза тауып, 200-і ауыр 2800-ге жуық адам жарақат алған оқиға туралы журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.
«Оқиғаға АҚШ-тың қатысы бар ма?» деген сұраққа қайтарған жауабында Райдер «Менің білуімше, АҚШ-тың бұған қатысы жоқ. Қайталап айтамын, бұл біз бақылап отырған бір мәселе» деді.
Райдер жарылыстан кейін АҚШ-тың аймақтағы әскери ұстанымында өзгеріс болып болмағаны жөніндегі сұраққа Таяу Шығыста «АҚШ-тың күш тұғырында ешқандай өзгеріс жоқ» деп жауап қайтарды.
Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Ллойд Остин шиеленістің ауқымды аймақтық қақтығысқа айналмауын қамтамасыз ету үшін «қатты назар аударғандарын» және Израиль мен Хизбулла арасындағы қақтығыстарды азайтудың ең жақсы жолының дипломатия екенін атап көрсетті.
Ливандық лауазымдылар оқиғаға Израильді жауапты деп есептесе, Израиль бұл мәселеге қатысты әлі мәлімдеме жасаған жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
АҚШ пен Мысыр президенттері сөйлесті
Израиль мен ХАМАС арасындағы бітімді нығайту мәселесі талқыланды.
Сергей Лавров «АҚШ TürkAkım» табиғи газ құбырын өшіруге тырысып жатыр» деді
Лавров «TürkAkım» табиғи газ құбырына жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады.