Блинкен Мысырға аттанып кетті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Газадағы қазіргі жағдайды талқылайды.

2188495
Блинкен Мысырға аттанып кетті

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Газадағы ықтимал бітімгершілік процесіне қатысты қазіргі жағдайды талқылау үшін Мысырға барды.

Энтони Блинкен Каирде тоқтап "Газадағы бітімгершілік" процесін қайта жандандыру және қазіргі жағдайды бағалау мақсатында келіссөздер жүргізеді.

Каирде АҚШ-Мысыр стратегиялық диалог кездесулеріне қатысатын Блинкеннің бұл сапарында Израильге баруы жоспарланбады.

7 қазанда Израильдің Газаға шабуылы басталғаннан бері Таяу Шығысқа сапарлары кезінде әрқашан Тель-Авивке барған Блинкеннің бұл жолы сапар бағдарламасында бұл ел орын алмайды.

Газадағы палестиналық топтар Катар мен Мысырдың делдалдығымен Израильмен тұтқын алмасу және бітімгершілікке қол жеткізу үшін айлар бойы Доха мен Каирде жанама келіссөздер жүргізіп келеді.



Ұқсас жаңалықтар