Түркия жиһаз экспортында әлемде 7-ші орында
Бұл туралы Сауда министрі Өмер Болат мәлімдеді.
2232922
Сауда министрі Өмер Болат Түркияның жиһаз экспортында әлемде 7-ші орында екенін айтты.
Жиһаз қауымдастығы федерациясы тарапынан «Түяп» конгресс және жәрмеңке орталығы мен Стамбул жәрмеңке орталығында бір уақытта «Халықаралық Стамбул жиһаз жәрмеңкесі» басталды. Стамбул жәрмеңке орталығында өткен ашылу салтанатында сөз сөйлеген министр Болат «Түрік жиһаз секторы экспортқа шыққаннан кейін әлемге танымал болды», - деді.
«Түркияның жалпы тауар экспортының 2 пайызын құрайтын жиһаз секторы әлемдік жиһаз экспортының 2 пайызына жетіп, әлемде 7-ші орынға көтерілді. Біз бұдан да биіктерге көтерілеміз» деді сауда министрі.