Балғын жеміс пен көкөніс экспорты артты

Бұл туралы Жерорта теңізі балғын жеміс-көкөніс экспорттаушылар қауымдастығының президенті мәлімдеді.

2232920
Балғын жеміс пен көкөніс экспорты артты

Өткен жылы Түркиядан 3,4 миллиард доллар көлемінде балғын жеміс пен көкөніс экспортталды.

Жерорта теңізі балғын жеміс-көкөніс экспорттаушылар қауымдастығының президенті Ферхат Гүрүз жазбаша мәлімдемесінде өткен жылы халықаралық нарыққа 4 миллион 193 мың тонна өнім сатылғанын айтты.

«Аталмыш кезеңде ең көп экспортталған өнімдер арасында мандарин (476 миллион доллар) бірінші, қызанақ (427 миллион доллар) екінші, лимон (357 миллион доллар) үшінші орында. Өткен жылы картоп, қара өрік, шабдалы, апельсин, өрік, анар және інжір экспорты артты. Секторымыз ең көп экспорт жасаған елдер тізімінде Ресей, Германия және Румыния алғашқы үштікке кіреді. Біз Ресейге 872,3 миллион доллар, Германияға 354 миллион доллар, Румынияға 289 миллион доллар көлемінде өнім экспорттадық. 2024 жылы экспорт көлемін арттырған елдер Ирак, Грузия және Сауд Арабиясы болды», - деді Жерорта теңізі балғын жеміс-көкөніс экспорттаушылар қауымдастығының президенті.



Ұқсас жаңалықтар