Қорғаныс өнеркәсібіндегі отандық өнімнің деңгейі 20 пайыздан 80 пайызға өсті
Бұл туралы Түркия Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр мәлімдеді.
Түркия Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр қорғаныс өнеркәсібіндегі отандық өнім деңгейінің 20 пайыздан 80 пайызға дейін өскенін айтты.
Бірнеше мәселемен Невшехирге барған министр Кажыр «ұлттық технологиялық қозғалыстағы ең үлкен табысты қорғаныс өнеркәсібінде қол жеткіздік» деді.
Қорғаныс өнеркәсібінде отандық өнімнің маңызды қажеттілік екенін айтқан Кажыр: «40 жылға жуық лаңкестікпен күресіп келе жатқан ел ретінде қажетті қорғаныс жүйелеріне қол жеткізе алмадық. Одақтастарымыз болды, бірақ лаңкестікпен күресте бізбен бірге болмады. Олар тіпті террор ұйымдарының тарапында болды. Біз қажет қорғаныс жүйелерінің ақысын төлесек те олар бізге сатудан бас тартты» деді.
Кажыр қорғаныс өнеркәсібіндегі отандық өнімнің 20 пайыздан 80 пайызға дейін өскенін айтты.
«Түркия - жер және әуе көліктері, теңіз платформалары мен спутниктік жүйелердегі барлық маңызды қажеттіліктерін отандық деңгейде өндіретін ел. Бүгінгі таңда Түркия ұшқышсыз ұшақ өндіруде әлемдегі көшбасшы мемлекет. Түркияның ұшқышсыз ұшақтары Түркияның ғана емес, әлемнің елуге жуық елінің аспанын қорғайды» деді министр.
Ғарыш технологияларын өндіруде табанды талпыныстағы Түркияның бейнелеу спутниктерін де жергілікті мүмкіндіктермен өндіргеніне тоқталған Кажыр «ғарыш саласында жаңа қадам жасап, Альпер Гезеравджы жұмыс істеген ғарыш станциясын жаңарту жобаларына қатысамыз» деді.