ТРТ Тарих
Қысқаша тарихы
Түркия теле радио корпорациясы TRT мемлекет атынан радио және теледидар трансляцияларын жүзеге асыру мақсатымен 1964 жылдың 1 мамыр күні арнайы заңмен құрылды. 1972 жылғы атазаң өзгерісімен мекеме «бейтарап» бір мемлекеттік мекеме ретінде қызметін жалғастырды.
1982 жылғы Атазаң үкімдеріне орай 1984 жылы Түркия теле-радио заңы қайтадан реттелді. Спутник трансляцияларының 1986 жылдан кейін Түркияға бағытталып хабар тарататын арнайы телеарналарының ортаға шығуы TRT-нің 1990 жылға дейін теледидар саласындағы монополиясын тоқтатты.
Атазаңның 133-ші бабының 1993 жылы өзгертілуімен жеке меншік радио және теледидар трансляциялары еркін болды. TRT-нің автономдығы орнатылды. TRT бүгінгі күні автономдығы және бейтараптығы атазаңмен негізделген, радио және теледидар және басқа да медиа құралдарынан хабар тарататын мемлекеттік қызмет атқаруда.
Түркия теле-радио корпорациясы құрылмастан бұрын бірінші рет Түрік рация телефон компаниясына қарасты жүзеге асырылған радио трансляциялары 1964 жылы TRT шаңырағы астында жиналды. 1927 жылы 6 мамыр күні жариялана бастаған Стамбул радиосы 1936 жылдың 28 қазан күні PTT-ге тапсырылды. PTT-ге берілгеннен кейін радио таратқыштары күшейтілген Анкара радиосы 1938 жылдың 28 қазан күні ресми түрде қызметке берілді. 1938 жылдың қазан айында трансляциялары тоқтаған Стамбул радиосы 1949 жылы 19 қараша күні трансляциясын қайта бастады. Екінші дүниежүзілік соғыста радиолар жаңа құрылған Баспахана бас дирекциясына (Баспасөз және туризм/информация бас дирекциясы) қосылды. 1950 жылы Измир муниципалитетіне қарасты түрде хабар тарата бастаған Измир радиосы 1953 жылдан бастап Баспахана бас дирекциясы құрамында трансляциясын жалғастырды.
1960 жылдан кейін сегіз қалада Қалалық радиолар құрылды. Радио трансляцияларының автономдық және бейтарап мемлекеттік ұйым ретінде реттелуін көздеген 1961 жылғы Атазаңға орай 1964 жылы нөмірі 359 заңмен TRT құрамында радио трансляциялары таратқыштардың күшейтілуімен одан да ауқымды алаңға жетті. 1974 жылы TRT –нің орталық және өңірлік радиоларын бірлестіруімен TRT-1, TRT-2 және TRT-3 радиолары қалыптастырылды.
Теледидар трансляциялары болса 1968 жылдың 31 қаңтар күні Түркияның тұңғыш теледидар трансляциясы сынағымен Анкарада Митхатпаша студиясында Махмут Тали Өнгөреннің сөзімен басталды. Аптасына 3 күн үш сағаттан басталған сынақ трансляциялар 1 жылдан кейін аптасына 4 күн болды. 1970 жылы Измир теледидары, артынан 1971 жылы Стамбул теледидары қызметке бастады.
1969 жылы ғарышкерлердің Айға баруы және Зеки Мүреннің Анкарадағы концерті теледидардан көрсетілді. 1973 жылы болса Түркия Республикасының екінші президенті Исмет Инөнүдің жаназа мерәсімі тікелей жарияланды. 1974 жылғы 20 шілде күні басталған Кипр Бейбітшілік қозғалысынан бүкіл Түркия мен Еуропа TRT трансляциясы арқылы хабардар болды. Eurovision Ән байқауына Түркия бірінші рет 1975 жылы TRT-нің ұйымдастыруымен қатысты. 1978 жылы бірінші рет су асты камералары қолданылып, «Тереңдегі тарих» атты түрлі-түсті деректі фильм түсірілді. 1979 жылы 5 елден 133 бала мен 31 басшы қатысқан тұңғыш 23 сәуір Балалар фестивалі ұйымдастырылды.
1974 жылы теледидар аптаның барлық күні берілетін болды, трансляциялар ел тұрғындарының 55 пайызы (19 миллион) және ел территориясының 28 пайызы (210,861 шаршы километр) тарапынан тамашаланатын болды. Теледидардың Түркияға келгеніне он жыл толғанда PTT орталықтарына тіркеулі теледидар қабылдағыш саны 2 миллион 250 мыңға жетті. Ел ішінен берілген және шетелде алынған координация, трансляция, жазып алу және монтаж істерін атқара алатын әлеуетте Eurovision байланыс орталығы 1982 жылы қызметке берілді. Бара-бара артқан трансляция уақытымен бірге экран 1981 жылдың 31 желтоқсан күні жаңа жылдан бастап түрлі-түсті бола бастады және 1984 жылы толығымен түсті трансляцияға өтті.
1986 жылы теледидардың екінші арнасы TRT-2 хабар тарата бастады. 1987 жылы «Интелсат» спутнигінен жалдап алынған бір қабылдағыштан TRT-1 және TRT-2 бағдарламалары спутник арқылы бүкіл Түркияға жетті. TRT-3 және GAP-TV 1989 жылы қызметін бастады және TRT-нің арна саны төртке жетті. 1990 жылы болса білім беруге арналған TRT-4 пен Еуропада өмір сүретін түрік жұмысшыларға бағытталған TRT-INT хабар тарата бастады. 1993 жылы Кавказ және Орталық Азияға бағытталған бағдарламалар жарияланған TRT-AVRASYA арнасы, 1995 жылы TBMM TV ашылды.
1998 жылы шетелдегі тұңғыш өкілдігіміз TRT Германия-Берлин өкілдігі ашылды. Кезегімен 1999 жылы Түрікменстан-Ашғабад өкілдігі, 2000 жылы Әзірбайжан-Баку, Мысыр-Каир және Бельгия-Брюссель ашылды. 2002 жылы болса шетелдегі алтыншы кеңсе АҚШ-Вашингтонда, 2004 жылы Өзбекстан-Ташкентте ашылды.
1999 жылы TRT_SAYTEK (Цифрлық трансляция технология орталығы) құрылып, интернет парақшасы www.trt.net.tr адресімен жариялана бастады.
2003 жылы әрі ұйым, әрі бүкіл Түркия үшін ұмытылмайтын жыл болды. Ел атынан TRT қатысқан 48-ші Eurosion Ән байқауынан Сертап Еренер шырқаған “Every Way That I Can” әні жеңіп шықты.
Шетелде де ықпалды мекеме болып табылатын TRT 2004 жылы (ABU) Азия-Тынық мұхит хабар таратушылар одағы Asiavision келісіміне қол қойды.
01.11.2008 жылы Түркияның тұңғыш және жалғыз отандық балалар арнасы болу ерекшелігімен TRT Çocuk хабар тарата бастады. 01.01.2009 жылы басқа тіл мен диалектілерде хабар тарататын тұңғыш арна TRT 6 күрд тілінде жариялана бастады. Каналдың есімі 2015 жылы TRT Kurdî деп өзгертілді.
20.11.2008 жылы жүзеге асырылған www.trtvotworld.com 31 тілде хабар тарататын жаңа медиа қызмет ортасында әлемде бесінші орынды алды. Бүгін хабар тарататын аймақ пен бүкіл әлемге қатысты өзекті оқиғалар, маман көзқарастарын да жариялайтын ауқымды, бейтарап және дұрыс контентті 41 тілде әлем тұрғындарына ұсынуда.
Балқаннан Орталық Азияға, Таяу Шығыстан Кавказға 27 ел мен 13 автономдық республикада шамамен 250 миллион адамға үн қататын TRT Avaz 21.03.2009 хабар тарата бастады. Түрік тілі, Әзірбайжан түрік тілі, қазақша, қырғызша, өзбекше және түрікменше бағдарламаларымен түрік әлемінің ортақ арнасы болды.
TRT Türk 08.05.2009 күні түрік тіліндегі жаңалықтар және мәдениет халықаралық каналы ретінде хабар тарата бастады. Сол жылы сынақтарын бастаған TRT ANADOLU болса TRT мен Жергілікті және аймақтық теледидарлар одағының бірігіп жүргізетін каналы ретінде жоспарланды. TRT Anadolu 2012 жылдың рамазан айында 24 сағат үздіксіз хабар тарататын TRT Diyanet арнасына айналды. 2009 жылдың 16 қараша күні басталған TRT Müzik түрік музыкасы және шетелдік музыка жариялайтын бағдарламаларымен экранға шықты.
«Куә болуға дайынсыз ба?» деген ұранмен 2009 жылы 17 қазан күні эфирге шыға бастаған TRT Деректі фильм каналы Түркияны ағылшын, неміс, француз, орыс және түрік тілдерінде әлемге таныстыруда.
2009 жылы Radyo 6, TRT Nağme, TRT Ankara Қала радиосы, TRT Türkü және TRT Avrupa FM радиолары жариялана бастады.
TRT Еуропа және әлемнің беделді жаңалықтар арналарының бірі Euronews-пен келісімге келіп, Euronews-тің ірі серіктерінің арасында орын алды. Euronews жаңалықтар арнасы 2010 жылдың қаңтар айында 9-шы тіл ретінде түрік тілінде хабар тарата бастады. 2010 жылы 18 наурыз күні TRT Haber жариялана бастады. Араб тілінде хабар тарататын TRT –“ETTÜRKİYYE” арнасы араб елдерінде ең көп тамашаланған канал болу мақсатында 2010 жылдың 4 сәуір күні қызметін бастады. Канал 2015 жылы TRT-El Arabia деп атала бастады. Хабар тарату сапасындағы ең жоғары саты HD көрсететін TRT HD каналы көбіне спорт, деректі фильм және көркем фильмге орын береді. 2010 жылдың тамыз айында эфирге шыққан TRT Spor ұлттық және халықаралық барлық спорттық сайыстарды және организацияларды тікелей немесе банттан экранға әкеледі. Арна спорттың барлық саласына айырықша көңіл бөледі. 2011 жылдың қаңтар айында эфирге шыға бастаған TRT Okul болса түрлі жас аралығындағы көрермендерге бағыттап дайындалған білім беру және мәдениет бағдарламаларымен технология және білім каналы. TRT бүгінгі таңда 14 телеканалы, 5 ұлттық, 5 аймақтық, 3 халықаралық және 3 жергілікті радио стансасы, trt.net.tr және 41 тілде дайындалған www.trtvotworld.com веб парақшасы, телетекс, "Televizyon", "TRT Çocuk", “Radyovizyon” атты журналдарымен Түркия және әлемге хабар таратуда.