Түрік елдеріндегі маңызды жаңалықтар

Еуразия күн тәртібі - 40

2194912
Түрік елдеріндегі маңызды жаңалықтар

Қырғызстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және Түркия президенттері Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының 79-шы Бас Кеңесіне қатысты. Мемлекет басшылары көптеген екіжақты кездесулер өткізді. Бас ассамблея аясында Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Орталық Азия және АҚШ Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Астана платформасының Сыртқы істер министрлерінің кездесуі де Нью-Йоркте ұйымдастырылды. Кездесуге Иран, Ресей және Түркия Сыртқы істер министрлері қатысты.

          24 қыркүйекте Түрік ақпарат агенттіктері одағы одақ логотипінің қабылданғанын жариялады. 2023 жылы 6 қарашада құрылған Түрік ақпарат агенттіктері одағының құрамына «Anadolu», «Azertac», «Kabar», «Kazkontent» және «UzA» ақпарат агенттіктері кіреді.

          25-26 қыркүйекте Самарқанд қаласында Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Директорлар кеңесінің жыл сайынғы отырысы өтті. Жиынға 100-ден астам елден 2 мыңнан астам уәкілетті тұлға қатысты. Отырыстың ашылуына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қатысып, шет елдердің өкілдерімен жеке кездесулер өткізді.

          26 ​​қыркүйекте Желалабат қаласында Түрік Мемлекеттері Ұйымының туризм министрлерінің 9-шы отырысы өтті. Отырыста Желалабат қаласы 2025 жылғы Түрік әлемінің туризм астанасы болып жарияланды.

          27 қыркүйекте Түрікменстан тәуелсіздігінің 33 жылдығын салтанатты шаралармен атап өтті. 27 қыркүйек Түрікменстанда 2018 жылдан бері Тәуелсіздік күні ретінде тойланады.

**

2024 жылы 23 қыркүйекте Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Джамшид Ходжаевты қабылдады. Қабылдауда Әзербайжан-Өзбекстан екіжақты қарым-қатынастарының өзекті мәселелері талқыланды.

          24-26 қыркүйекте Бакуде 5-ші Әзербайжан халықаралық қорғаныс жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 38 елден 270 компания қатысты. Жәрмеңкенің ашылу салтанатына Әзербайжан және Түркия республикаларының қорғаныс министрлері қатысты. Жәрмеңкеге Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді.

          25 қыркүйекте Анкарада ТҮРКСОЙ ұйымының жетекшілігімен Түркі республикалары опера және балет режиссерлерінің 3-ші кездесуі өтті. Жиында 2025 жылы атқарылатын жұмыстар талқыланды.

          26 қыркүйекте Будапештте Халықаралық шахмат федерациясының бас кеңесі өтті. Осы бас ассамблеяда Түрік елдерінің шахмат одағы құрылды. Бұл одақтың құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия кіреді.

          Түркия-Өзбекстан білім конференциясы 27 қыркүйекте Стамбулда өтті. Конференцияға екі елдің жоғары оқу орындарының президенттері, ректорлар мен сарапшылар қатысты. Форумда Түркия-Өзбекстан жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы, жасанды интеллект және жоғары технологиялар талқыланды.

          28 қыркүйекте Стамбулда Халықаралық Түрік мәдениеті мен мұрасы қорының ұйымдастыруымен Түрік әлеміндегі мәдени мұра және сақтау конференциясы өтті. Конференцияда түрік мәдениетін сақтау жолдары, басқа елдердің тәжірибелері сынды тақырыптарда ой қозғалды.



Ұқсас жаңалықтар