Еуразия жаңалықтары
Еуразия күн тәртібі - 38
8-13 қыркүйек аралығында Қазақстанның бас қаласы Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенді ойындары өтті. Ойынның ашылу салтанатына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия (бұрынғы), Татарстан және Якутия Президенттері, Түрікменстанның Халк Маслахаты төрағасы, Түркі Мемлекеттері Ұйымы (TМҰ), Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы ТҮРКСОЙ, Түрік инвестициялық қоры, ТүркПА, Түркі Мәдениеті және мұра қоры сынды халықаралық ұйымдардың Бас хатшылары мен Түркі мемлекеттерінің спортқа жауапты министрлері қатысты. Көшпенділер олимпиадасында 89 елден 2 мыңнан астам спортшы бақ сынады.
5-ші Дүниежүзілік көшпенді ойындары аясында 10 қыркүйекте ТМҰ жастар және спортқа жауапты министрлерінің 8-ші отырысы өтті. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Венгрия, Өзбекстан және Түркияның спорт министрлері қатысты. Шарада 6-шы Дүниежүзілік көшпенді ойындарын Қырғызстанда өткізу туралы шешім қабылданды.
9 қыркүйекте Қазақстанда ТМҰ Әділет министрлерінің бірінші отырысы өтті. Отырысқа ұйымға мүше елдердің Әділет министрлері қатысты. Кездесу соңында Астана декларациясына қол қойылды.
10 қыркүйекте Ресей Федерациясының премьер-министрі Михаил Мишустин Өзбекстанға ресми сапармен барды. Мишустин мен Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповтың төрағалығымен Өзбекстан-Ресей үкіметаралық бірлескен комиссиясының 5-ші отырысы өтті. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Мишустинді қабылдады.
11 қыркүйекте Түркия Республикасының Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Қазақстанға ресми сапармен келді. Министр Гүлер Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовпен кездесті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министр Гүлерді қабылдады.
11 қыркүйекте Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады. Кездесуде аймақтық қауіпсіздік, бірлескен әскери жаттығулар сияқты мәселелер талқыланды.
Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ішкі істер министрі Али Йерликая және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын 12 қыркүйекте Өзбекстанға іссапармен барды. Түрік делегациясы Ташкентте өзбекстандық әріптестерімен кездесті. Жиын соңында «Жол картасы» құжатына қол қойылды. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Түркия делегациясын қабылдады. Бұл форматтағы кездесу Түркия мен Өзбекстан арасында алғаш рет өткізілді.
**
9-11 қыркүйекте Бакуде Түркі әлемі ортақ әліпби комиссиясының 3-ші отырысы өтті. Жиынға ТМҰ-ға мүше елдердің ресми өкілдері қатысты. Жиын соңында 34 әріптен тұратын ортақ түрік әліпбиі ұсынысына келісім жасалғаны айтылды. 34 әріптен тұратын ортақ түрік әліпбиі ТМҰ-ның саммитінде Президенттердің бекітуіне ұсынылады.
Әзірбайжан-Грузия-Түркия Қорғаныс министрлерінің 11-ші кездесуі 10 қыркүйекте Батумиде өтті. Кездесу соңында үшжақты меморандумға қол қойылды. Келесі аптада Грузияда аталған елдердің сарбаздарының қатысуымен «Шексіздік-2024» бірлескен әскери жаттығуы өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Мәулананы еске алу апталығы
Анадолыда аты кең тараған дін қайраткері, ойшыл және ақын Мәулананы құрметпен еске алып отырмыз.