Еуразия елдеріндегі жаңалықтар

Еуразия күн тәртібі - 39

2192402
Еуразия елдеріндегі жаңалықтар

   15-18 қыркүйекте Германия канцлері Олаф Шольц Өзбекстан мен Қазақстанға іссапармен барды. Шольц 15-16 қыркүйек күндері алғаш рет Өзбекстанға ресми сапармен барып, Самарқанд қаласында ел Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Кездесулер нәтижесінде екі ел арасында 8 келісімге қол қойылды. Басшылар екі елдің беделді бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, мемлекеттік басқарушыларды дайындайтын бірлескен колледждің ашылу салтанатына қатысты.

   Өзбекстаннан Қазақстанға барған Германия канцлері 17 қыркүйекте Астанада өткен 2-ші Орталық Азия-Германия саммитіне қатысты. Саммитке Орталық Азия елдерінің мемлекет басшылары толық қатысып, саммит соңында бірлескен декларацияға қол қойылды. Саммит аясында көшбасшылар арасында екіжақты кездесулер өтті. Орталық Азия елдерінің президенттері неміс бизнес әлемінің жетекші өкілдерімен жеке кездесулер өткізді.

   2024 жылдың 16 қыркүйегінде Бішкек қаласында Түркі Мемлекеттері Ұйымының Энергетика министрлері кеңесінің 4-ші отырысы өтті. Кездесуге Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Венгрия, Өзбекстан және Түркияның энергетика министрлері мен орынбасарлары және аталмыш елдердің елшілері қатысты. Кездесу соңында қорытынды декларацияға қол қойылды.

   19 қыркүйекте Бішкек қаласында Қырғызстан-Венгрия стратегиялық кеңесінің 4-ші отырысы өтті. Отырысқа Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев пен Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийярто төрағалық етті. Кездесу соңында хаттамаға қол қойылды. Сол күні Анкарада 2024 Түркия-Венгрия мәдени жылы симпозиумы өтті.

   2024 жылдың 19 қыркүйегінде Түркістанда Түркі Мемлекеттері Ұйымы Ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағаларының 3-ші отырысы өтті. Отырысқа ұйымға мүше елдердің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Бас хатшылары қатысты.

   19 қыркүйекте Астанада Аралды қалпына келтіру бойынша халықаралық қордың директорлар кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан министрлері қатысты. Жиын соңында 10 нұсқау мен 40-тан астам шарадан тұратын Аралды құтқару  жоспарына қол қойылды.

   20 қыркүйекте Бішкек қаласында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының бастамасымен «Кұтадғу білік және түркі әлемі» форумы өтті. Форумға Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Түркиядан ғалымдар қатысты. Қырғызстан Министрлер Кеңесінің шешімімен 21 қыркүйек Қырғызстанда Жүсіп Баласағұниді еске алу күні болып жарияланды.

   20-шы Халықаралық мұсылмандар форумы 21 қыркүйекте Мәскеуде өтті. Форумға «Ресей-Ислам әлемі» стратегиялық көзқарасы тобының төрағасы, Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов және басқа түркі мемлекеттерінен өкілдер қатысты. Форум аясында Равиль Гайнутдин Ресей мүфтилер кеңесінің президенті болып қайта сайланды.

**

   Президент Ильхам Әлиевтің шешімімен 20 қыркүйек Әзербайжанда «Мемлекеттік егемендік күні» болып жарияланды. Естеріңізде болса, 2023 жылдың 19-20 қыркүйегінде Әзербайжан армиясы сепаратистік топтарды ел аумағынан тазартып, Әзербайжанның аумақтық тұтастығын толығымен қамтамасыз еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар