Энергетика өнімділігін арттыру үшін басылатын қадамдар
Энергетика әлемі - 38
Энергияны тиімді пайдалану халықаралық қауымдастықтың күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осы бағытта көптеген ел ұлттық мақсаттарын белгілеп, жаһандық тұрғыдан қадам басу үшін саммиттер өткізілуде. Келісімдерге қол қойылуда.
Мұның ең маңызды себебі сөзсіз жаһандық ысыну мен климаттың өзгеруі. Елдер өз экономикасын жалғастыру үшін өнеркәсіптік инвестицияларын қарқынды түрде арттыруда. Осыған қоса энергетикаға деген қажеттілік күн санап артып келеді. Энергияға деген қажеттіліктің артуымен әсіресе мұнайға негізделген өндіріс парниктік газдар шығарындыларын одан әрі арттырады.
Осы тұйық шеңбердегі халықаралық қауымдастық мәселенің шешімін табу үшін маңызды қадам басты. Климаттың өзгеруі режимін реттеу үшін Париж климаттық келісіміне қол қойылды. Түркия да келісімге қатысушы болды.
Мәліметтерге сәйкес көміртегі газы шығарындыларының көлемі 2022 жылы 36,8 миллиард тоннадан асып, барлық уақыттағы ең жоғары деңгейге жетті.
Париждегі климаттық келісімнің жаһандық әсері биылдан бастап байқала бастады.
Еуроодақтың парниктік газ шығарындылары биылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың бірдей уақытымен салыстырғанда 4 пайызға төмендеді.
Еуропа Статистикалық кеңсенің деректеріне қарағанда өткен жылдың бірінші тоқсанында 931 миллион тонна көміртегіне тең парниктік газ шығарған Еуроодақ елдері биылдың бірінші тоқсанында 894 миллион тонналық газ шығарды.
Осылайша бірінші тоқсанда ЕО елдерінің парниктік газ шығарындылары жылдық тұрғыдан 4 пайызға төмендеді.
Бұл кезеңде парниктік газ шығарындылары ЕО-ның 20 елінде азайды. Парниктік газ шығарындысында ең жоғары төмендеу 15,2 пайызбен Болгарияда, 6,7 пайызбен Германияда және 6 пайызбен Бельгияда тіркелді.
Парниктік газ шығарындылары электр және табиғи газ сұранысында 12,6 пайызға, үй шаруашылығында 4,4 пайызға азайды.
2023 жылғы мәліметтерге қарағанда әлем бойынша көміртегі шығарындыларын ең көп шығарған ел 30,7 пайызбен Қытай болды. Одан кейін 13,6 пайызбен АҚШ тұр.
Жаһандық көміртегі шығарындыларының 7,6 пайызы Үндістанға, 7,4 пайызы ЕО-қа, 4,4 пайызы Ресейге тиесілі.
Түркияны басқа елдерден ерекшелейтін өте маңызды бір мақсаты бар. Ол - Жасыл даму төңкерісімен 2053 жылы «нөлдік эмиссия деңгейіне» жету.
Түркия соңғы 10 жылда жалпы ішкі өнімін 67 пайызға, тұрғын санын болса 13 пайызға арттырды. Өндіріс пен әл-ауқаттың өсуімен бірге энергияны тұтынуы да өсті.
Түркия 2017-2023 жылдарға арналған энергия тиімділігін арттыру жөніндегі алғашқы ұлттық іс-қимыл жоспарын жүзеге асырды.
Бұл процесте жасыл энергияға барлығы 8,5 миллиард доллар инвестиция салынды. Өндірістен нақты тұтынуға дейінгі бастапқы энергияны тұтыну бойынша 14 пайыздық үнемдеу жасалды.
70 миллион тонна шығарындыны азайтуға қол жеткізілді.
Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі де соңғы айларда энергия тиімділігін арттыру саласындағы 2030 жылға дейінгі жол картасын жариялады.
Іс-шаралар жоспары аясында 2030 жылға қарай энергия тұтынуын 16 пайызға қысқарту және шығарындыларды азайтуға 100 миллион тонна үлес қосу көзделіп отыр. Сонымен қатар энергия тиімділігін арттыруға 20 миллиард доллар инвестиция салу жоспарлануда.
Дегенмен энергия тиімділігіне қатысты әртүрлі қадамдар басу жоспарлануда.
Бірінші мақсат – 2030 жылға қарай халыққа қызмет көрсететін ғимараттарда энергияны 30 пайызға үнемдеуге қол жеткізу. Осы мақсатта энергетика өнімділігін арттыру жүйелері мен технологиялары кеңінен таралатын болады. Өнеркәсіпте қалдық жылуды қалпына келтіру жобаларының санын көбейту және екі есеге арттыру көзделуде.
Осы бағытта Түркия бойынша жарықтандыру жүйесіне 1,2 миллион жарықдиодты шам орнату жоспарлануда. Сонымен қатар жоғалу мен заңсыз пайдаланудың алдын алу үшін смарт есептегіштердің көрсеткішін 25 пайызға дейін арттыру нысанаға алынып отыр.
Түркияның қазіргі уақытта шамамен 110 мың мегаватт орнатылған қуаты мен 13 мың 35 электр өндіретін зауыты бар.
2024 жылдың шілде айы соңынан бастап, Түркияның орнатылған қуаты 112 999 мегаваттқа жетті. Бұл қуаттың 28,5 пайызы гидравликалық энергия, 21,9 пайызы табиғи газ, 19,3 пайызы көмір, 10,9 пайызы жел, 15,6 пайызы күн, 1,5 пайызы геотермалдық ресурстардан тұрады.
2035 жылдан бастап күн көзінен орнатылған қуат 53 мың, жел күшін 30 мың, су электр қуатының 35 мың, геотермиялық және биомасса қуатының болса шамамен 5 мың мегаватқа дейін жеткізілуі болжалуда.
Энергетика өнімділігі аясында басылатын қадамдар және салынатын инвестициялармен бірге таза энергияны пайдаланудың қарқыны жалпы алғанда 70 пайыздық диапазоннан асып түсуі нысанаға алынуда.
Таза энергия өндіру және тиімді пайдалану арқылы көміртегі шығарындыларын 35 пайызға төмендету жоспарлануда.
Халықаралық энергетикалық агенттіктің 2024 жылғы есебіне қарағанда жаңартылатын энергия қуатының әлемдік қуаттылығының ең жылдам өсуі соңғы 30 жылда байқалды.
Өткен жылы жаһандық деңгейде 2022 жылмен салыстырғанда 510 гигаваттпен 50 пайыздан астам жаңартылатын энергия қуаты іске қосылды, бұл өсімнің 75 пайызы күн энергиясынан қамтамасыз етілді.
Ұқсас жаңалықтар
Мәулананы еске алу апталығы
Анадолыда аты кең тараған дін қайраткері, ойшыл және ақын Мәулананы құрметпен еске алып отырмыз.