Әлиев пен Пашинян кездеседі
Кездесу Испанияның Гранада қаласында болады.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян 5 қазан күні Еуропалық саяси қоғамдастықтың 3-ші отырысы өтетін Испанияның Гранада қаласында бас қосады.
Әзербайжан мен Армения Еуропалық Одаққа (ЕО) кезекті төрағалық ететін Испанияның ұйымдастыруымен Гранадада өтетін 3-ші ЕСҚ отырысының негізгі күн тәртібінің бірін құрамақ.
Испания премьер-министрлігі мен Еуроодақ кезекті төрағалығы үйлестіру кеңсесінен алынған ақпаратқа сәйкес, Әлиев пен Пашинян кездесуіне Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель, Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Олаф Шольц қатысады.
Дәл осы дереккөздер Еуроодақтың «Әзербайжан мен Армения арасындағы мәселелерді шешуде делдал болғысы келмейтінін, тек ұлттық егемендікті қорғайтын және халықаралық құқыққа сәйкес келетін тұрақты, әділ бейбітшілікті қолдағысы келетінін» алға тартты.
Ұқсас жаңалықтар
Ильхам Әлиев Түркияға жұмыс сапарымен келді
Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бүгін Түркияға жұмыс сапарымен келді.
Әзербайжанда бірлескен әскери жаттығу жалғасуда
Әзербайжанда ұйымдастырылған бірлескен әскери жаттығу жалғасуда.