Астанада «CENTRAL ASIAN DANCE FESTIVAL» басталды

Астана қаласының Қазақ Ұлттық хореография академиясында, Америка Құрама Штаттарының Астанадағы елшілігінің ұйымдастыруымен «CENTRAL ASIAN DANCE FESTIVAL» атындағы бірінші халықаралық фестивалінің салтанатты ашылуы болып өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақ Ұлттық хореография Академиясының көркемдік жетекшісі Әсел Құрманбаева және Академия ректоры Алтынай Асылмұратова қатысты.

Айта кетейік, Астана қаласында алғаш рет өтетін фестивальға Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан елінің талантты бишілері мен хореографтары жиналады.  Екі апталық  шеберлік сабақтарын АҚШ-тан келген Пилкингтон Кэтрин, Комптон Тара сынды әйгілі хореографтар жүргізеді. Хореографияның алдынғы қатарлы шеберлері қатысушыларға неоклассикалық балет, контемпорари, модерн, бродвей, джаз, хип-хоп, сонымен қатар хореографияның фото-видео түсірілімі мен арт- менеджмент тақырыптарына арнайы скилл-ап өткізеді.  

Қазақстандық жастарда  осындай айтулы шараға тегін қатысуға тамаша мүмкіндік берілді.

Астанадағы АҚШ елшілігі аймақтарға 50 грант, Астана қаласына 30 және Орталық Азияға 20 грант бөлді. 

Қатысушылар өздерінің оқу бағдармаларына негізгі американдық би формаларын енгізу үшін оның  техникасы мен құралдарына үйренеді. Сонымен қатар, қазіргі таңда кез-келген бизнестің маңызды бөлігі - маркетинг пен байланыс салаларында кең дағдыға ие болып, заманауи сандық өнер мен кино, фотосурет бағыттарына қажет құралдарын меңгереді.

Екі апталық шара мәдени аралық және кәсіби тәжірибе алмасу үшін негіз болып, Орталық Азия аумағында неоклассикалық және заманауи хореография дамуына үлесін қоспақ.

Шараны ұйымдастырушылар қонақтарға арнайы концерттік бағдарлама мен кешкі ас ұсынады.