«Анаға апарар жол» атты фильмнің АҚШ-тағы көрсетілімі күзде

Әйгілі қазақ режиссері Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты фильмі АҚШ-та қойылуда. 1930-шы жылдары қазақ халқының зардап шеккен ашаршылық апатын, орыстандыру саясаттарын және екінші дүниежүзілік соғысы кезеңін бір ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік арқылы бейнелеген фильм Америка киносүйеріне жеткізілген алғашқы Қазақстан фильмі болып табылады.

2016 жылы түсірілген фильм АҚШ-та қойылған алдыңғы қатардағы фильмі ретінде көрсетіледі. Ұйымдастырылған іс-шараларға қатысқа актер Әділ Ахметов фильмнің қатты назар аударғанын, сондай-ақ Американың кино сыншыларының бағалауынан өткенін түсіндірді.

Басты кейіпкерлер ретінде Әділ Ахметов, Алтынай Нөгербек және Аружан Жызылбекова ойнаған «Анаға апарар жол» фильмі Қазақстан, Әзірбайжан және Белоруссияда түсірілді. Шамамен екі мың адам рөл алған фильм АҚШ кинозалдарда алдағы күзден бастап көрсетілімге кіреді.

Әйгілі қазақ режиссері Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты фильмі АҚШ-та қойылатын тұңғыш қазақ фильмі болмақ.