Мосул операциясы басталды

Ирак армиясы мен елдегі күрд қарулы күштері Мосулдың оңтүстігіне және шығысына операция бастады.

Мосулды ДАИШ-тен құтқару үшін ұзақ уақыттан бері жоспарланған операцияның басталғаны Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади тарапынан жарияланды.

Дүйсенбі күні азанда Мосулдың шығысына қарай жылжыған Ирак, күрд және АҚШ жасақтарының операциясы АҚШ тарапынан басқарылған коалиция күштеріне тиесілі соғыс ұшақтары және зеңбірек шабуылымен басталды.

Ирактың екінші үлкен қаласы Мосул екі жылдан астам уақыттан бері ДАИШ террор ұйымы бақылауында болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымы болжамдарына қарағанда қалада бір миллион астам жазықсыз тұрғын бар.