Ирандағы пойыз апатында 17 адам қаза тапты

Иранда пойыз рельстен шығып, 17 адам қаза тапты.

Иранда Мешхед-Йезд бағытындағы жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 17 адам қаза тапты.

Иранда Мешхедтен Йездке бара жатқан жолаушы пойызы Тебес қаласының маңында экскаватормен соқтығысып, төрт вагон рельстен шығып кеткен.

Алғашқы белгілеу бойынша апатта 17 адам қаза тапты, 30 адам жарақат алды, оның  5-сі ауыр халде. Пойыз ішінде 420 жолаушы болған.

Апат болған жерге көршілес өңірлерінен құтқарушылар жіберілді. Мамандар тергеу жұмыстарын жүргізуде.


Этикеттер: Иран , апат , пойыз апаты