Абадинің Башика өтірігі

Ирак премьер-министрі Хайдар әл Абади Түркиядан көмекті өзі сұраған еді.

Абади Мосул маңындағы Башика лагерінде ДАИШ-ке қарсы терроризммен күрес тақырыбында дайындық өткізген түрік әскерлеріне байланысты ұсынысын 2014 жылдың 25 желтоқсан күні Анкарада тілге тиек еткен болатын.

Міне,  осы тақырыптағы баспасөз мәслихатында сөйлеген сөздері:

«Террор ұйымы ДАИШ тек Ирактың және Түркияның қауіпсіздігі емес,  бүкіл аймақтың қауіпсіздігіне қатер төндіреді.  Сондықтан осы тақырыпта ынтымақтасуымыз керек. Түркиядан осыны күтеміз.  Премьер-министр (Ахмет Давутоғлу) да осындай көмек беретіндерін айтты.  Әрі әскери,  барлау,  оқыту жайында,  қару тақырыбында... арамызда осында тақырыптар болды.  Осыған байланысты бір тізім ұсынылды және Түркиядағы бауырларымыз көмекке дайын екендерін айтты. Күшімізді бірлестіріп,  көрші елдердің де қолдауымен осы ұйымды жоюға болады»