Нуман Куртулмуш Бразилияға барады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы G20 Парламент спикерлері саммитіне қатысу үшін Бразилияға барады.

2206719
Нуман Куртулмуш Бразилияға барады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш G20 Парламент спикерлері саммитіне (P20) қатысу үшін Бразилияға барады.

 

Бразилияның Өкілдер палатасының ұйымдастыруымен өтетін P20 саммиті 6-8 қараша аралығында ел астанасы Бразилиада «Әділ әлем және тұрақты планета» тақырыбымен өтеді.

 

Ұлттық Конгресс сарайында өтетін саммитте «Парламенттердің аштықпен, кедейлікпен және теңсіздікпен күреске қосқан үлесі», «Тұрақты дамуды қолдаудағы парламенттердің міндеті» және «XXI ғасырдың мәселелерімен үйлесімді жаһандық басқару жүйесін құруда парламенттерге тиісті міндеттер»атты сессиялар өтеді.

 

Сондай-ақ осы отырыстарда сөз сөйлейтін Мәжіліс спикері Куртулмуштың саммит аясында кейбір қатысушы елдердің парламент спикерлерімен екіжақты кездесулер өткізуі күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар