Хакан Фидан Мұхаммед Мұстафамен телефонда сөйлесті
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Палестина Премьер-министрі және Сыртқы істер министрі Мұхаммед Мұстафамен телефон арқылы сөйлесті.
Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда Газа мәселесіне байланысты жиналыстарға қатысу үшін Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядқа барған Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Палестина Премьер-министрі және Сыртқы істер министрі Мұхаммед Мұстафамен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімеде Газа мен Батыс Шериядағы соңғы жағдай талқыланып, Палестина мемлекетін көбірек елдің мойындау талпыныстары бағаланды.
Хакан Фидан Эр-Риядта Иордания Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Айман әл-Сафедимен кездеседі. Фидан кездесу барысында Газадағы қырғынды тоқтату үшін Израильге қысымды арттыратын қадамдар мен Палестина мемлекетінің мойындалуы бағытында қолға алынатын бастамаларды талқылады.
Норвегия Сыртқы істер министрі Эспен Барт Эйдемен кездескен Фидан халықаралық қоғамдастық пен халықаралық қоғамда Израильге қатысты наразылықтардың артқанына назар аударды.
Фиданның Израильге қысымды арттыру қажеттігін атап өткен кездесуде Палестина мемлекетін көптеген елдердің мойындауы үшін жасалуы мүмкін қадамдар талқыланды.тер министрі Хакан Фидан Палестина Премьер-министрі және Сыртқы істер министрі Мұхаммед Мұстафамен телефон арқылы сөйлесті.
Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда Газа мәселесіне байланысты жиналыстарға қатысу үшін Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядқа барған Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Палестина Премьер-министрі және Сыртқы істер министрі Мұхаммед Мұстафамен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімеде Газа мен Батыс Шериядағы соңғы жағдай талқыланып, Палестина мемлекетін көбірек елдің мойындау талпыныстары бағаланды.
Хакан Фидан Эр-Риядта Иордания Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Айман әл-Сафедимен кездеседі. Фидан кездесу барысында Газадағы қырғынды тоқтату үшін Израильге қысымды арттыратын қадамдар мен Палестина мемлекетінің мойындалуы бағытында қолға алынатын бастамаларды талқылады.
Норвегия Сыртқы істер министрі Эспен Барт Эйдемен кездескен Фидан халықаралық қоғамдастық пен халықаралық қоғамда Израильге қатысты наразылықтардың артқанына назар аударды.
Фиданның Израильге қысымды арттыру қажеттігін атап өткен кездесуде Палестина мемлекетін көптеген елдердің мойындауы үшін жасалуы мүмкін қадамдар талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоған Румыния премьер министрін Анкарада қабылдады
Президент Ердоған Румыния премьер-министрі Чиолакумен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.